Presentations
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Presentations by Title
Now showing 1 - 4 of 4
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access TEACHING ACADEMIC KAZAKH II(Nazarbayev University School of Sciences and Humanities, 2021-03-17) Myrzabekova, Raushan; Ibrayeva, Meruyert; Akbuzau, BakytAcademic Kazakh II is the second course between studying academic-level Kazakh and using Kazakh at the professional level in the Kazakh Language Program at the Department of KazLT. The course was created following new language policy of the Department of Kazakh Language and Turkic Studies in August 2019. This course focuses on B2.2 /AM level academic content while introducing students to C1.1 /AH level Kazakh language. The webinar will present the strategies, requirements, activities, learning outcomes, tasks, assessments, and interdisciplinary connections based on teaching experience at Nazarbayev University.Item Open Access АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ІЗГІЛІК НӘРДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ(Nazarbayev University School of Sciences and Humanities, 2021-02) Kurmanbay, GultasДәрісте профессор Абай шығармаларындағы ізгілік, адамгершілік ойларды рухани айналымға түсіріп, ең алдымен, жастарды Абай талабымен тәрбиелеп, азаматтық санаға жеткізіп, отбасылық жауапкершілікке даярлауды сөз етеді. Сонан соң өмірге келген бүлдіршінді отбасында, бала-бақшада оқушыны мектепте Абаймен, оның шығармаларымен таныстырудың жолдарын, әдістерін айтады. Уақыт талабына сай Тәуелсіз Қазақ Елінің мәңгілігіне қызмет жасайтын ұрпақты даярлау, сана биігіне жеткізу бүгінгі таңда ең өзекті мәселе екендігін де автор тілге тиек етеді.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ: ТАНЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ СИНКРЕТИЗМ(Nazarbayev University School of Sciences and Humanities, 2021-03-26) Orazaliyeva, ElmiraДәріс пәнаралық сабақтастық негізінде қалыптасып дамып келе жатқан тілтаным мәселелерін жүйелеуге бағытталған. Когнитология саласының әдебиетпен, пәлсапамен, тарихпен, әлеуметтанумен, психологиямен байланысқан ғылыми ұстанымдары қазақ тіл білімінің антропологиялық алғышарттарын дәйектеумен қатар, маңызды танымдық тұжырымдардың дүниеге келуін уәждеді. Нәтижесінде когнитивтік лингвистиканың қазақ зерттеулеріндегі өзіндік қолтаңбасы сұрыпталып, тілтанымдық ілімдердің ғылыми синкретизмнен бастау алатын тарихи келбетін бүгінгі синхрондық ізденістермен тоғыстыру мүмкіндігі қарастырылды.Item Restricted ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ: ЖАЗБАША ЖӘНЕ АУЫЗША ТАРИХИ ДӘСТҮР(Nazarbayev University School of Sciences and Humanities, 2021-04) Kussainova, MeiramgulДәріс жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы курсын тарихи деректерге негізделе оқыту үрдісінің басты ерекшеліктері қарастырылады. Қазақстан тарихының жазбаша және ауызша деректер қорының сипаттамасы, ғылыми зерттелуі, әдіснамалық қолданысы, тарихи деректерге негізделген оқу үрдісінің мазмұндық-мағыналық құрылымы анықталады. Қазақ халқының ауызша тарихи дәстүр туындылары тарихи танымдық тұрғыдан талданады. Студенттердің тарихи деректермен жұмыс кезеңдері және дерек мәтінін ғылыми талдау дағдыларын қалыптастыру әдістері қарастырылады.